Анықтама алу жолы

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы заңының 25-бабы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында ветеринариялық бақылаудағы жүктерді тасымалдау ережесі» талаптары бойынша тасымалданатын ауыл шаруашылық жануарларға, олардан шыққан ет, ет өнімдеріне, сүт, сүт өнімдеріне, құс, құс өнімдеріне, балық, балық өнімдеріне, бал, т.б. өнімдерге ветеринариялық ілеспе құжаттар (ветеринариялық анықтамалар) болуы тиіс.
Анықтама алу жолы

Ауыл шаруашылық жануарларды тірідей тасымалдау үшін ветеринариялық анықтамаларды «Текелі қаласының ветеринариялық станциясы» МКК береді. Бұл құжатта малдың қай жерден шыққаны, қандай бағытпен, қай жерге баратыны және не үшін (сойысқа, асырауға, бордақылауға) апара жатқаны туралы деректер болады.

Тірі малдың сырғасы (құлақ жапсырмасы), таңбасы, электрондық микрочипы, ветеринариялық паспорты және ветеринариялық анықтамалары болуы керек.

Ветеринария саласындағы заңнамаларды бұзған тұлғалар «Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертеміз.

Анықтама бойынша ауылдық округтердің ғимараттарында орналасқан ветеринариялық пункттердің мамандарына не болмаса «Алматы облысы ветеринария басқармасы» ММ «Текелі қаласының ветеринариялық станциясы» МКК-на 4-25-17 телефон арқылы байланысуларыңызға болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.