Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (бұдан әрі – АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.
Төтенше жағдайлар бөлімінің басты нәтижесі, қауіп төніп тұрған адамдардың өмірін құтқарудағы жетістіктер мен белестерінің индикаторы болып табылады.
Әр саланың өз ерекшелігі бар. Қандай қиын жағдайда құтқарушылар халыққа көмек беруге, қол ұшын созуға әзір. Жаздың аптап ыстықтарында өрт сөндіруге сақадай сай тұрса, қыстың аязында қалың қардан аршып алады. Алдымызда оларды ең жауапты сәт – көктемгі қардың еріп, су тасқындарының алдын алу міндеті күтіп тұр.
Біз бұл саланың қызметкерлеріне қиын да, адам өмірін ажалдан құтқарып қалудай жауапты істері үшін алғысымызды білдіреміз.
Текелі қаласының ТЖБ