Жеке көмекші қызметі кімге тиесілі?

Қызмет ХҚО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді. Қызметті онлайн алу үшін: 1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз; 2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз; 3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді. Қызметті ХҚО-да алу үшін: 1. Өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжат; 3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек. Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні. Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.