Қай мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз онлайн алуға болады?

Қазақстанда 637 мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады, көбі оларды алу үшін ЭЦҚ міндетті түрде қажет деп ойлайды.
Қай мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз онлайн алуға болады?

Бірақ ЭЦҚ-сыз алуға болатын сұранысқа ие қызмет түрлері де бар. Атап айтқанда, 138 танымал қызметті SMS-құпиясөз арқылы алуға болады. SMS-құпиясөздің көмегімен сіз жылжымайтын мүліктің техпаспортын немесе оның телнұсқасын алуға өтінім беру, уақытша тіркеуге тұру, аты-жөнін өзгерту, жұмыссыз ретінде тіркелу, жер телімдерінің мемлекеттік актісі секілді танымал қызметтер мен анықтамаларды ала аласыз. Сондай-ақ мүгедектік пен әлеуметтік жәрдемақыларды да осылай рәсімдеуге болады. Бір реттік пароль арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Толық тізімді egov.kz порталында көруге болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.