Пиротехникалық құралдар қаупі

Мейрамдар кезінде өрттің шығу себебінің ең тараған түрі пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатындықтан, абай болу керек.
Пиротехникалық құралдар қаупі

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Текелі қаласы тұрғындарының назарын пиротехникалық заттардан төніп тұрған қауіпке аударып, төтенше жағдайлардың алдын алуға шақырғымыз келеді.

Олардың қатарында қолдану ережесі жоқ, халыққа еркін сатылатын және арнайы дайындықты талап етпейтін «Пиротехникалық бұйымдар» бойынша тұрмыстық І-ІІІ класты құралдар (пиротехникалық ойыншықтар, петардалар, отшашулар, бенгал шамдары, шартылдақ, мини-ракеталар және т.б.) бар.  Сонымен қатар, барлық пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті, ал кей кездерде жарылыс қаупі де туындайды.

Пиротехникалық заттар жарылу, жану кезінде адамдарға және қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Оларды адам көп жиналатын жерлерде қолдануға тыйым салынады. Тұрмыстық пиротехникалық заттарды адам тығыз жиналған жерде қолданудың зардабы қиынға соғуы мүмкін.

Текелі қаласы ТЖБ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.