Жұқа мұзда жүрмеңіздер

Алматы облысының аумағында Іле, Көксу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек сияқты ірі өзендер және 400-ге жуық ұсақ өзендер, арналар мен ағындар ағады, сондай-ақ, 85 тоған, 75 су қоймасы бар, оның ішінде ең ірілері: Қапшағай, Бартоғай, Күрті және Бестөбе. Сондай-ақ, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл ірі көлдері бар.
Жұқа мұзда жүрмеңіздер

Қыс аязы барлық су айдындарын мұзбен жабады. Балалар мұзайдында конькимен, тік жағадан шанамен, шаңғымен сырғанауға, ал олардың ата-аналары мұз астынан балық аулауға жиналады.

Күз-қыс мезгілінің статистикасы Төтенше жағдайлар, ең алдымен, балық аулау әуесқойларымен орын алатындығын көрсетеді, сондай-ақ, жұқа мұз үстімен белгіленбеген орындарда өту және өту кезінде жүзу құралдарын жеке құтқару құралдарынсыз, ақаулы күйде пайдаланылатын, дауылды ескертулерге назар аудармастан су айдындарына түнгі уақытта және мас күйінде шығып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандардың кесірінен көбейеді.

Суда төтенше жағдай кезінде өзін-өзі құтқару факторлары төтенше жағдайларда әрекет етуге үнемі дайын болу, өмірге деген ерік, өзін-өзі құтқару ережелерін білу болып табылады.

Алматы облысы ТЖД тұрғындарды және қонақтарды жұқа мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см; жаяу өткел жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан да көп; автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 30 см кем емес; өзен сағасы мен ағысында мұздың беріктігі осал. Өзеннің жылдам ағатын, бұлақтар мен ағынды сулардың, сондай-ақ су өсімдіктер, бұта, қамыс өсетін аудандарында және ағаш жақын өсетін жерлерінде мұз әлсіз болады; егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, мұздың беріктігі 25% төмендейді; мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: мұз көк түсті – берік, ақ түсті – оның беріктігі 2 есе аз, күңгірт ақ немесе сарғыш түсті – сенімсіз; мұздың қалыңдығы 7 см жеткенде ғана балық аулауға болады.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- белгіленбеген және тексерілмеген жерлерде мұз үстімен жаяу және авто-көлікпен өту;

- от жағу, өткел және оған жақын жерлерде балық аулау үшін шұңқырларды тесу;

- су айдындарында ықтимал қауіптілік туралы ескертетін белгілер орнатылған жерлерде мұз үстімен жаяу және автокөлікпен өтуге;

- мұз түзілу мен мұз қатудың бастапқы кезеңінде балық аулау, жаяу жүргіншілер мен көліктің қозғалысы;

- мұзда адамдардың, малдың және техниканың үлкен топтарының жиналуына жол беру;

- мұз өткелдерінің жанында және өмірге қауіп төндіретін орындардың жанында, сондай-ақ мұз қалыңдығы 25 см кем болған кезде мұз айдындарын, бұқаралық ойындар мен шаңғы жарыстарын ұйымдастыруға;

- қоқыстарды, қиды және басқа да қалдықтарды су айдынының мұз жамылғысына төгуге;

- құтқару құралдарын тікелей мақсатқа сай емес пайдалану, өз бетімен ескерту белгілерін қою немесе алып тастау.

Суық суға түссеңіз не істеу керек:

- үрейленбеңіз, өткір қимыл жасамаңыз, тыныс сақтаңыз;

- мұздан ұстауға тырысыңыз;

- көмекке шақырыңыз.

Зардап шегушіге тез арада және өте абайлап көмек көрсету керек: егер апат жағадан алыс емес болса және зардап шеккен адам белсенді әрекет етуге қабілетті болса, оған арқанды, шарфты лақтыру, ұзын таяқ, тақ-тай, баспалдақты және басқа да құтқару құралдарын беру керек; зардап шегушіні мұздан шығарғаннан кейін оны дереу жылыту, жылы бөлмеге жеткізу, қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақыру қажет.

Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Егер сізге көмек қажет болса, құтқару қызметінің 112 телефон нөмірін теріңіз.

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.