Жылыту маусымында өртке абай болыңыз

Суық күндер келісімен пештерді орнату және қолдану барысында қажетті ережелерді сақтамаудан өрт тұтануы мүмкін. Жыл басынан бері қауіпсіздік ережелерін сақтамау немесе немқұрайдылық салдарынан тіркелген өрттер біршама. Сондықтан, жылыту маусымында өртке абай болыңыздар.
Жылыту маусымында өртке абай болыңыз

Осыған орай,  сіздерге айтарымыз, оттан сақ болыңыздар. Өздеріңізге белгілі, пештің алдындағы ағаш еденде темір қаңылтыр болуы керек. Пешті салған кезде түтін жүретін жолдары ағаш балкалардан және басқа да жанатын заттардан кем дегенде 38см кірпішпен бөлінуі керек. Пешті жаққан кезде бензин, керосин, дизел отынды пайдалануға болмайды. Пештің үстінде немесе жанында киімді, отынды кептіргенде өте мұқият болу керек. Тұнде киімдер мен отынды пешке жақын қоюға болмайды. Бірақ, көп адам  бұған немқұрайды қарайды. Пештерді, түтін жүретін жолдарды уақытында жөндеп, тазалап тұру керек. Пеш жағу кезеңінде, кем дегенде, екі ай сайын түтін жүретін жолдарды тазалап тұру, күлді сыртқа шығарар алдына су құйып, темір жәшікке немесе арнайы қазылған шұңқырға төгу керек. Өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу шараларына көп дағдылануға тиіс-піз. Шындығында, егер өрт қауіпсіздігі тәртібін қатаң сақтап, ережелерді мінсіз орындасақ, бұл өрттің алдын алғанымыз болып табылады. Алайда, осы қарапайым ереже-лерді естен шығарып жатамыз.

Тұрғын үйлерде және кәсіпорындардың аумақтарында, сонымен қатар, пештердің жанына жанғыш заттарды, қоқыстарыды тастауға болмайды. Халқымыз «Өрт тілсіз жау» деп бекер айтпайды. Ешкімге ескертпей-ақ, лап етіп тұтанған өрт адамдардың өміріне, денсаулығына, дүние-мүлкіне зиян келтіреді, тіпті, орны толмас өкініштерге ұрындыруы мүмкін. 

Сондықтан, жылыту маусымы кезінде өтр қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған жөн. Сақтықта қорлық жоқ.

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.