Дала өрттері

Қоршаған ортада туындаған өрттің себептері де әртүрлі.
Дала өрттері

Оған, ең бастысы, адамдарың жауапсыздығы себеп болады десек артық айтпаймыз. Ауылшаруашылық нысандарының жұмысшыларымен өсімдіктерді өртеу, көкке шыққан азаматтардың жаққан оттарын сөндірмей кетуінен, механизатор, малшылардың немесе көлік жүргізушілердің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп.

 Бұның барлығы да адамдардың табиғат – Анаға деген немқұрайды көзқара-сынан туындайтындығы сөзсіз.

Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да орасан зор. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің орманға түсу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты құртады. Сондықтан, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Ол – азаматтық жауапкершілік. 

Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.