Темір тұлпарыңды өрттен сақта

Адамзат үздіксіз даму үстінде. Осы дамудың ішінде, әсіресе, күнделікті қолданып жүрген әртүрлі көліктер санаты өте жоғары деңгейде дамуда. Біз ойланбастан күн сайын сан мыңдаған механизмдер мен машиналарды жұмысымызды жеңілдету үшін пайдаланамыз. Дегенмен, мұндай жайлылықтың адамға өте қымбатқа түсіп жатқанын да естен шығармаған жөн.
Темір тұлпарыңды өрттен сақта

Бұл дегеніміз, кез келген көлік құралы өз тасасына айтарлықтай қауіп жасырып тұрады. Ол мейлі автомобиль болсын, ұшақ, трамвай тіпті эскалатор болсын, айта берсек өте көп.
Осы аталған көліктерді қолдану барысында, адам байқаусызда қауіппен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Ондай қауіптің бірі – өрт. Кез келген автотраспорт түр-леріне белгілі бір деңгейде өртке қарсы қағидалар қарастырылған.
Мұндай ережелер ұзақ жылдар бойы әртүрлі көліктерді пайдалану барысында өткізіл-ген тәжірибелердің арқасында жасалып отыр. Осы қағиданы көлік құралдарын пайдаланарда ұмытпағаныңыз жөн. Бұл дегеніміз, сіз мейлі ұшақта ұшыңыз, метроға түсіңіз немесе жеке көлігіңізге отырсаңыз да ұмытпаңыз.
Қазіргі таңда әлем бо-йынша, адамдардың көпшілігі жеке көліктерге ие. Жеке көлік құралының сәндіктен күнделікті жылжымалы құралға айналғанына қай заман, ал халық арасында жеке көлік құралының саны күн санап артуда. Көліктегі өрт көп жағдайда көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамағанда және дұрыс пайдаланбауда болса, келесі бір себептері, қасақана өртеу мен оттықты дұрыс қолданбау болып табылып отыр. Қасақана өртеу дегеніміз байқаусызда болуы мүмкін, негізінен көп жағдайда өрттің орын алуы адами фактордың кесірінен болады.
Жанармай жүретін жүйелер мен агрегаттардың дұрыс жұмыс жасамауы өрт қаупін ұлғайта түседі, мұндай жағдай-да көлік иесіне өзінен басқа ешкім көмек бере алмайды. Автомобиль толығымен дұрыс жағдайда болуы керек, егер де бұған күмәніңіз болса, жұмыс сапасына кепілдік бере алатын, сертификатталған автосервис-терге барғаныңыз жөн. Сіз мұнымен біліктілігі жоқ жерден көмек алғаннан гөрі әлдеқайда үнемдейсіз.
Көлік өртке оранған жағдайда, оны алғашқы минуттарында сөндіріп, ауыздықтауға болады, мұндай жағдайда өрт сөндіргіш құралының болмауы көліктің түгел жанып кетуіне себеп болады. Орта есеппен алғанда, жеңіл көліктің жануы 10-15 минутқа ғана созылады, ал өрт сөндіру қызметі қала бойынша кептелісті санамағанда қарапайым ариф-метикалық қағидамен – 10 минутта келеді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралы болған кездің өзінде, оны қолдана білмеу де қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. Өрт сөндіру құралын қалай пайдалану керектігі туралы нұсқаулықты оқып, үйрену үшін 10 минут жеткілікті және мұны тәжірибе жүзінде іске асырып көріңіз (өрт сөндіргіш құралын іске қоспаңыз).
Тәжірибе көрсеткендей, өрттің орын алуына көбіне адамдардың өздері себеп болып жатады. Өрт сөндіру құрал-дырының нұсқаулықтары мен пайдалану жолдарын жоққа шығармаңыздар, себебі ол сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жасалған. Есте сақтаңыздар, егер сіз нұсқаулықтар мен ережені сақтамасаңыздар, сізге бірде бір құрал көмектесе алмайды.
Өрт болған жағдайда не істеу керек: Егер өрт бола қалса дереу көлікті жол жиегіне тоқтату керек. Өртті күртеше немесе басқа да құралдармен сөндіріп әуре болмаңыз, ол әрекетіңіз тек босқа уақыт жоғалту ғана. Оның үстіне өзіңіз де жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Өрт сөндіру құралынан басқа кез келген іс-әрекеттің септігі тимейді. Егер өрт автомобиль капотының астыңғы жағынан шықса, оны еппен ағаштың немесе басқа да темір құралдардың көмегімен жанынан ашу керек.  Дегенмен байқау керек, себебі өрт шарпу қаупі де жоқ емес. Көліктің астыңғы жағына төгілген жанармайды тек өрт сөндіру құралының көмегімен ғана сөндіру керек. Өрт сөндіргіш құралын өрттің қатты белең алған жағына қарай  бағыттаған жөн. Отты брезентпен жауып, құм, сазбен лақтырып немесе сумен сөндіруге де болады. Тағы есте сақтайтын жағдай, егер сіз майға немесе жанармайға шыланған киіммен жүрген болсаңыз, өртті сөндіруге қатыспағаныңыз абзал.
Гараждар мен автотұрақ жайларында не істемеу керек: жарығы бар жанармай багы, карбюратор немесе қосулы тұрған электрмен қамтамасыз ету жүйелерін тұраққа қалдырмау; дәнекерленбеген және оралмаған электр сымдарын; автомобилді бояу жұмыстарын және мөлшерден артық жанармай құю не құрылғылар орнату жұмыстарын жүргізбеу; тез тұтанатын сұйықтықтармен көлік бөлшектерін тазаламау; оттық-
ты пайдалану арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізбеу.
Текелі қаласы ТЖБ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.