Дала өрттерін болдырмас үшін

Өрт адам өміріне, материалдық құндылықтарға қауіп төндіреді. Өрт қауіпті кезінінде әр жерден шөптің өртенгені тұралы хабар түсе бастайды. Таулы және орманды алқаптарда өртті өшіруді қиындататын көп жылдар бойы жиналған ағаштардың жапырақтарымен, шөптің қалдықтары қалың қабатталып, өшіргеннен кейін кішкене желден тезектей тұтанып қайта жанады. Шөп жануының басты себептері олар:
- әдейі өртеу;
- байқаусызда өрт шығуына жол беру (өшірілмеген темекі, от т.б.);
- өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы болып табылады.
Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлерінің берген уйғарымдары бойынша, қала аумағындағы мекемелер мен қала әкімшіліктер, бірігіп ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, оларды қажетті құралдармен, техникамен және жанар – жағармай қорымен қамтамасыз етуге тиісті. Сол жумыстың нәтижесінде болған дала мен таудағы өрт егінге, шабындық, жайылымға тарамай, аз шығынмен тоқтатылуы керек, ал ең дұрысы сол өрттерді болдырмай алдын алу.
Ойымызды қортындылай келе айтарымыз, өкінішті жағдайдың алдын алу оны болдырмау, көп жағдайларда, әр адамның және қоғамның өз қолында, өрт қауіпсіздік ережелерін біліп қана қоймай, оны күнделікті естен шығармай орындау соның кепілі.
Текелі қаласы ТЖБ