Дала өрттерін болдырмас үшін

Өрт адам өміріне, материалдық құндылықтарға қауіп төндіреді. Күн ысыған кездерде әр жерден шөптің өртенгені туралы хабар түсе бастайды. Таулы және орманды алқаптарда көп жылдар бойы жиналған ағаштардың жапырақтары мен шөптің қалдықтары қалың қабат-талып, өшіргеннен кейін кішкене желден тезектей тұта-
нып өртті өшіруді қиындатады. Шөп жануының басты себептері:
• әдейі өртеу;
• байқаусызда өрт шығуына жол беру (өшірілмеген темекі, от т.б.);
• өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлерінің берген ұйғарымдары бойынша, қала аумағындағы мекемелер мен қала әкімдігі, бірігіп ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, оларды қажетті құралдармен, техни-
камен және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етуге тиісті. Сол жұмыстың нәти-
жесінде болған дала мен таудағы өрт егінге, шабын-дық, жайылымға тарамай, аз шығынмен тоқтатылуы керек, ал ең дұрысы сол өрттерді болдырмай алдын алу.
Қорытындылай келе айтарымыз, өкінішті жағдайдың алдын алу, оны болдырмау, көп жағдайларда, әр адамның және қоғамның өз қолында, өрт қауіпсіздік ережелерін біліп қана қоймай, оны күнделікті естен шығармай орындау соның кепілі.
Қ.Асылбаев, Текелі қаласының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты