Отпен ойнамаңыздар

«Өртті сөндіргеннен гөрі оның алдын алған жөн» дейді халық мақалы. Шындығында егер өрт қауіпсіздігі тәртібін қатаң сақтап, байқап жұмыс істегенде ғана өрт қауіпсіздігін болдырмауға болады. Өкінішке орай, көп жағдайда өрт тұрғындардың өрттің алдын алу ережелерін сақтамауынан болады. Қолдан жасалған электр қыздырғыштарды электр жүйесіне қосу, газ плиталарын дұрыс пайдаланбау немесе оларды бақылаусыз қалдырған жағдайлар өртке ұластырып жатады.
Отпен ойнамаңыздар

Тұрғын үйлерде немесе пәтерлерде қолдан жасалған пеш болса оны мезгілінде жөндеп тұрулары, жаңадан пеш салушылар оны салу жұмыстарын сенімсіз адамдарға тапсырмаулары керек. От тұтату үшін тез тұтанатын жанар-жағар майларды пайдаланудың да бірде болмаса бірде үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді тағайындалмаған отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештен шығарылған күлдер мен шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек.

Үлкен адамдар да кей кезде оттан сақтандыру ережелерін сақтамауынан немесе балаларға жанып жатқан пешті, газ құралдарын қаратуға қалдырғаннан өрт шығады. От ойыншық емес екенін, сіріңке- мен ойнауға болмайды деп, балаларға түсіндіру керек.

Міне, осындай өрттен сақтандыру ережелері қалалық газетке жиі жарияланып тұрады. Бірақ осы қарапайым ережелерді бұзушылар көп кездеседі.

Б.Сүлейменов, Текелі қаласы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.