Газ – бұл қауіпті

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен тұрмыстық газ құралдарынан өрт сирек болып тұрмайды. Бұл өрттердің негізгі себебі – герметикасы бұзылған құбырлар, жалғанатын тораптардың немесе газ плиталары жанғыштарынан газдың ауаға таралуынан болады.
Газ – бұл қауіпті

Табиғи және сығылған газ баллоны ауамен қосылып қауіпті жарылғыш қоспа құрайды. Сондықтан да үй жайларда газдың иісін сезгенде сіріңке жағуға, от шақпағын, электр сөндіргіштерін қосып ажыратуға, үй жайға темекі немесе ашық отпен кіруге болмайды – бұның барлығы газдың жарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Өрттердің басым бөлігі әдетте, қызу салдарынан газ баллондарының жарылу себептерінен болады. Баллондарды көбінесе қыс мезгілінде өз бетімен ерігенін тоспай, редуктор ілмек клапанының қатып қалуын болдырмау мақсатында оларды жылыту құралдарының қасына немесе ыстық суға түсіреді.

Газбен жабдықталған пәтерлерде газ плиталары орналасқан үй жайды күнде таңертең желдету ұсынылады. Газдың шығуын байқау үшін отты қолдану үзілді-кесілді тыйым салынады, ондай жағдайларда тек қана сабынды су қолдануға болады.

Егер де газдың шығуы газ құралдарында ашық краннан шыққан болса, оны жауып тастап, үй жайды мұқият желдету керек және содан кейін ғана отты жағуға болады.

Газ құралдарын қосуға және пайдалануға осы құралдардың құрылымымен таныс емес адамдарға және балаларға рұқсат беруге болмайды. Егер де газдың иісін сезсеңіз, газ құралдарын пайдалануды тоқтатып оны өшіру керек.

Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында тыйым салынады:

- Плитаның бөліп тұратын қалқанындағы барлық крандар жабық екеніне көз жеткізбестен плитаның алдында газ құбырында кранды ашу;

- Қолында жағылған сіріңке болмай плитаның крандарын ашу;

- Жанып тұрған жанарғыға сұйықтық құюға. Егер де бұл аяқ астынан болып қалса жанарғыны өшіріп, тазалап, табақшадан сұйықтықты алып тастау керек.

- Кемпіректі шешіп және ыдысты тікелей жанарғыға қоюға;

- Қатты заттармен жанарғыны, кранды соғуға, сонымен қатар қысқыштар, тістеуіштер,кілттермен және т.б. кранның тұтқаларын бұрауға;

- Плитаны немесе газ өтетін тұрба құбырларын өз бетімен жөндеуге;

- Газ плиталарына, тұрбаларға және крандарға арқан байлауға, оларға киім ілуге.

- Ең басты ереже – ЕШҚАШАН газ баллондарынан газдың ауаға таралуын ашық отпен (сіріңке, от шақпақ) тексермеңіз! Егер де сіз газдың иісін сезсеңіз – бірден барлық әйнектерді ашыңыз, жарықты қоспаңыз, үйден шығыңыз және жедел түрде 104 қызметін шақырыңыз.

Текелі қаласы ТЖБ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.