ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон; * Компьютеріңізде веб-камера болуы керек; * Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Порталдың басты бетінде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесін басыңыз.

 Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;

Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.

МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;  "ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»;  Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін "Жалғастыру" түймесін басыңыз;  Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда "Бастау" түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;  Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;  Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;  Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».  ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және "сертификаттарды Жүктеу"батырмасын басыңыз.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.