Пиротехникалық бұйымдар қауіпі

Құрметті Текелі қаласының түрғындары! Мейрамдар кезінде өрттің шығу себебінің ең тараған түрі пиротехникалық бұйымдар салдарынан болатын өрттер.
Пиротехникалық бұйымдар қауіпі

Халықтың ең жақсы көретін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Текелі қаласының тұрғындарының назарын мерекелермен бірге төніп тұрған қауіп туралы еске салу керек.

 Біріншіден - ол қолданылатын, халыққа еркін сатылатын және арнайы дайындықты талап етпейтін «пиротехникалық бұйымдар» бойынша тұрмыстық І - ІІІ класты пиротехникалық бұйымдар (пиротехникалық ойыншықтар, петардалар, фейрверктер, бенгал шамдары, шартылдақ, кіші-ракеталар және т.б). Сонымен қатар барлық пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті, ал кей кездерде жарылып кету қауіпі бар .

Пиротехникалық бұйымдардың жану өнімдері адамдарға және қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Бұйымдарды көп адам жиналатын жерлерде қолдануға тиым салынады. Тұрмыстық пиротехникалық бұйымдарды адамдардың тығыз жиналған жерде қолданған кезде, пиротехника ұшқындарынан басқалар зардап шегуі мүмкін. Жаңа жыл қарсаңында Текелі қаласы Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері жоғарда аталған мәселелерге назар аударып, сақ болуларыңызды сұрайды.

 Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.