Дала өрттерін болдырмас үшін

Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі Төтенше жағдайлар комитетінің құрамында болуы қоғамның дамуынан туындаған. Қазіргі кезде ұжым мүшелері өрттің алдын алу, кездес-кен зардаптардың зиянын жою, тағы басқа істерді қалалық әкімшілік, қоғамдық орындармен және азаматтармен бірлесіп атқаруда.
Дала өрттерін болдырмас үшін

Өрт адам өміріне, материалдық құндылықтарға қауіп төндіреді. Өрт қауіпті кезеңінде әр жерден шөптің өртенгені тұралы хабар түсе бастайды. Таулы және орманды алқаптарда өртті өшіруді  қиындататын көп жылдар бойы жиналған ағаштардың жапырақтарымен, шөптің қалдықтары қалың қабатталып, өшіргеннен кейін кішкене желден тезектей тұтанып қайта жанады. Шөп жануының басты себептері олар:

• әдейі өртеу;

• байқаусызда өрт шығуына жол беру (өшірілмеген темекі, от т.б.);

• өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы болып табылады.

 Мемлекеттік өрт қадағалау қызметкерлерінің берген ұйғарымдары бойынша, қала аумағындағы мекемелер мен қала әкімшіліктер, бірігіп ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, оларды қажетті құрал-дармен, техникамен және жанаржағармай қорымен қамтамасыз етуге тиісті. Сол жұмыстың нәтижесінде  болған дала мен таудағы өрт егінге, шабындық, жайылымға тарамай, аз шығынмен тоқтатылуы керек, ал ең дұрысы сол өрттерді болдырмай алдын алу.

Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз, өкінішті жағдайдың алдын алу оны болдырмау, көп жағдайларда, әр адамның және қоғамның өз қолында, өрт қауіпсіздік ережелерін біліп қана қоймай, оны күнделікті естен шығармай орындау соның кепілі.

Қ.Асылбаев,
Текелі қалсының ТЖБ
 аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты            
                           

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.