Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!

Пітір садақа дұғасы: «Иә, Алла, осы садақамды қабыл етіп, түрлі пәле, апаттардан сақта. Күнәларымды кешір, иманыма қуат бер, дүниемді көбейтіп, оны жақсы мақсаттарға жұмсауымды нәсіп ет!»
Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!

Пітір садақа

Пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, жан басына 370 теңге болды.

Бай, ауқатты адамдар 2 келі мейізбен немесе 4000 теңге ақшамен, 4 келі құрмамен немесе 9400 теңгемен бергені жақсырақ.

Пітар садақа Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беріледі.

Пітір садақасы күмістің нисап мөлшерімен, яғни, 127 мың теңге қоры бар мұсылманға міндетті.  

Қалалық «Керімбек би» мешітінің алдында арнайы пітір садақа жәшігі қойылған. Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында жарияланған төтенше жағдай талапта-
рына сай текелілік мұсылмандар белгіленген тәртіп ережелерін сақтай отырып, пітір садақасын сонда берулеріне болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.