Кеңес отырысы өтті

Жиында Еріктілер жылындағы жастардың белсенділігі, жыл көлемінде жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалар барысы, кәсіптік колледж студентерімен атқарылған жұмыстар, жастардың жұмыспен қамтылуы, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралар туралы баяндалды. Облыстық басқарма басшысы келесі жылы қаламызда Жастарға қызмет көрсету орталығының бой көтеретінін, осы орайда қала жастарының қоғамдық белсенділігін арттыруға барынша көңіл бөлініп, әсіресе, бұл іске жастар ұйымдарын тарту керектігін атап көрсетті.