Жақсылық – ізгіліктен

19 қарашада Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Шараның басты мақсаты – жастардың игі істерге деген көзқарастарын ашу, жақсылық жасау, ізгі қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Акция барысында Текелі қаласының «Үміт» еріктілер тобы көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қыстық отындарын, көмірлерін кіргізіп, ауладағы қарды тазалауға қолғабыс етті.
Ізгілік пен қайырымдылық жалауын ту еткен ерікті жастардың бұл бастамасы әлі де өз жалғасын табатын болады.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ