«Абай өлеңдері» тақырыбында жастар арасында эссе жазу байқауының ережесі

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі мен «Алматы облысының ауыл жастары одағы» жастар қоғамдық бірлестігі
3. ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ: 2020 жылдың мамыр-тамыз аралығында
4. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ:
Бұл ереже басты міндеттерінің бірі - зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуға өз септігін тигізетін ақпараттық- білім беру және тәрбие беру ортасын қалыптастыру, жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылатын.
• «Абай өлеңдері» тақырыбында барлық талаптарды ескере отырып, эссе жазуы қажет;
• ЭССЕ байқауының жұмыстары @tekeliakimat инстаграмм парақшасына жарияланады. Әлеуметтік желідегі лүпілдерді (лайк) көп жинаған эссе авторы жеңімпаз атанады;
• Шығарма байқауының жеңімпаздары диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Эссе жазуда қойылатын талаптар:
• Эссенің жалпы көлемі басылған мәтіннің 2 парағынан (А4) аспауы қажет. Мәтін Times New Roman
14 шрифтіне сәйкес болуы тиіс.
• Міндетті түрде эссе аяғында, қатысушы аты-жөні, оқу орны, сыныбы, байланыс телефоны жазылу тиіс.
• Эссені бағалау барысында келесі жайттарға ерекше көңіл аударылады:
– мәтіннің берілген тақырып пен жанрға сай болуы;
– мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;
– авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы;
– мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.)
• Байқау екі кезеңнен тұрады:
1 – Эсселерді қабылдау және ережеге сәйкес техникалық іріктеуден өткізу;
2 – Әлеуметтік желіде дауыс беру. Жеңімпазды анықтау.
5. МАРАПАТТАУ РӘСІМІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ: Текелі қаласы, марапаттауды өткізудің нақты орны қосымша хабарланады.
6. ҚАТЫСУШЫЛАР: 14-29 жас аралығындағы жастар (мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар мен ҮЕҰ).
7. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ:
8. ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ:
Өтінімдер 2020 жылғы 20 шілдеге дейін f71042@yandex.com немесе tekeli_owp@mail.ru электронды пош-
тасына қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (72835) 7-91-01.