Абайдың сөзі – кемелділіктің көзі

Шындығында, осыдан бір жарым ғасыр бұрын Абайдың жүрегімен сезіп, сана сүзгісінен өткізіп, бізге қалдырған өсиеті мен нұсқаған бағыт-бағдары бүгінде өте өзекті. Ең алдымен, Абай – нағыз елшіл, Отаншыл тұлға. Халқымызда «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» дейтін ұлағатты сөз бар. Ұлы ойшылдың өлеңдерін, қара сөздерін оқып отырып, жеке адамды, тіпті тұтас ұлтты кері тартатын бойкүйездік, менмендік, жауапкершіліктен қашатын қорқақтық, берік мақсат-мүддесі жоқ тұрлаусыздық секілді жаман әдеттерді аяусыз шенеп, адал еңбекті, өнер мен білімді дәріптеуінен оның халқын қаншалықты жақсы көргенін аңғару қиын емес. Бейне, киіз үйдің бір-бірімен жарасым таба, қиюласа келетін шаңырақ, уық керегесін жасау үшін жас талды тезге салып, бір қалыпқа келтіру қажет болғаны секілді, ұлт болып ұйысып, ел болып егемендік құру үшін де біздің өркениет заңдарына, жайылсақ даланың, жиылсақ қаланың әдет-заңдарына сәйкесе кететіндей белгілі бір ортақ құндылықтарға бейімделуіміздің қажеттілігін жүрегімізге құяды. Абай дәріптеген осы қасиет халқымыз үшін кеше қандай қажет болса, бүгінде сондай маңызды. Дүние, малға, жеке бастың пайдасына емес, керегесі кең, терезесі тең ел боларлық ұлттық идеяға ұйыса білу қашанда өзекті. Сондықтан, Абайды оқу мен жаттау жеткіліксіздік етеді, Абай айтқан ақылды пайдалана білу керекпіз. Дүние, малға, жеке бастың пайдасына емес, керегесі кең, терезесі тең ел боларлық ұлттық идеяға ұйыса білуіміз, мемлекетке, елге адал еңбек етуіміз, ата-бабаларымыздан қалған барлық құндылықтарды халық игілігіне айналдыруға күш салуымыз тиіс.
Ертай Дүйсебаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы: