Абайдың ақын ұлдары

Биыл елімізде және шет елдерде қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Осы айтулы оқиғаға орай республикамыздың Ұлттық кітапханасының ұжымы «Абайдың ақын ұлдары» атты, көлемі 37,4 баспа табақ, кітапты жарыққа шығарды. Ол, өзінің аты айтып тұрғандай, хәкім Абайдың дарынды ұрпақтарына арналған.
Абайдың ақын ұлдары

Кітапқа ақынның ұлдары Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл мен немересі Әубәкір Ақылбайұлының көркем туындылары және олардың өмірі мен шығармашылықтары туралы зерттеулер, эсселер мен мақалалар топтастырылған. Жинақтың алтын арқауы – ғұлама Мұхтар Әуезов, көрнекті абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедханұлының еңбектері болып табылады.

«Абайдың ақын ұлдарын» оқырманға таныстыруға ұйтқы болып, идея берген тұлға – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, абайтанушы Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы.

Ал, оның құрастырушысы – Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы. Осының алдында Ұлттық кітапхана ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арнап Б. Жүнісбековтің «Абай сәулесі» атты зерттеулер мен мақалалар жинағын, көлемі 37,6 баспа табақ, басып шығарған еді.

Абайдың ақын ұлдарының өлеңдері мен аудармаларын оқи отырып ұлы ақын әрі данышпан әкенің өмір мен өнер мектебінің мәуелі жемісіне тамсанып, «өлсе де өлмегенге тең» зор өнегеге тәнті боламыз. Кітап әдебиетсүйер қауымның және барша жұртшылықтың қызығушылығын туғызады деп сенеміз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.