3D саяхат жасаңыз...

Сіз кіндік қанымыз тамған атамекеніміздің көрікті жерлерін тамашалағыңыз келе ме?
3D саяхат жасаңыз...

Шарын шатқалына тамсанып, Қайыңды көлдің жағасында тыныстап, еліміздің Тұңғыш Президентіне арналған «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы мен «Жаркент мешіті» сәулет-көркемдік мұражайын өз көзіңізбен көріп, өлкетану және мемориалды мұражайларда болғыңыз келе ме?

Олай болса, бізге таптырмас көмекші – «Жетісу 360» жобасы. Сіз үйіңізден шықпай-ақ, Алматы облысының тылсымға толы табиғаты мен әйгілі мұражайларға виртуалды 3D саяхат жасай аласыз. Ол үшін мына сілтеме арқылы http://zhetysu360.kz кіру жеткілікті.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.