Құрдымға кетпеу өз қолымызда

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланатынын айтып, өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз қажеттігін атап өтті. Көп салада дамуды тежеп келген сыбайлас жемқорлықтың да жолын кесу әр азаматқа байланысты екені анық.
Құрдымға кетпеу өз қолымызда

Сыбайластықты заң бұзушылық емес, пайда табудың көзі деп саналарына сіңіріп алған топтардың түптің түбінде тұзаққа түсетіні де белгілі еді. Өйткені, заңды белшеден басудың қай кезде де жазасы бар. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп  аталады. Әрбір азамат ар алдындағы да, заң алдындағы да жауапкершілігін сезінгені абзал.

Президент Жолдауында: «Қай елде болса да тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына әкеп соқтырады. Тамыр-таныстық пен рушылдық құрдымға бастайтынын нақты ұғыну қажет», – дей отырып, елдегі саяси жүйені кешенді жаңғырту бағыттары айқын көрсетілген бағдарлама ұсынды. Жаңаша қадам жасауды біреуден күтудің қажеті жоқ, әр адам, әр маман өзін сағат сайын, күн сайын жетілдіріп, өз-өзінен есеп алып, жемқорлыққа, пайдакүнемдікке қарсы иммунитет қалыптастырып, адал еңбектің нанын жеуге қалыптасу керек. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық пара беру, алумен ғана шектелмейтінін естен шығармаған жөн.  

Ержан Омаров, ҚР АШМ ВБжҚК Текелі қалалық аумақтық инспекциясының басшысы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.