Ең төменгі еңбекақы өседі

Келесі жылы 1 қаңтардан еліміздегі төменгі жалақы 42,500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін өседі. Бұл ішкі нарықтағы ақша айналымына ықпал етіп, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсаруына зор серпін беретіні сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында: «Төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан бері өспеді. Әлемдік коронакризис халықтың табысына салмақ түсірді. Сонымен қатар, Қазақстан төменгі жалақы көлемі бойынша ТМД-ның көптеген елінен қалып қойған. Сол себепті мен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі жалақы көлемін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдадым» деп, бұл шешімнің бір миллионнан астам қазақстандықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Ең төменгі еңбекақы өседі

Нарық заңында қаржы үздіксіз айналымда болуы керек, ал, ақша айналым жүйесі ел азаматтарының сатып алу мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сондықтан, төменгі жалақыны көтеру ішкі тұтынуды арттырып, оң экономикалық серпін береді. Ел экономикасының ішкі әлеуеті негізінде он өлшеп бір кесілген бұл шешім, сонымен бірге, көлеңкедегі қаржының ашыққа шығуына да оң ықпал етеді.  
Тәжірибе көрсеткініндей, көлеңкедегі нарықпен күрес бақылау, мониторинг жүргізумен ғана шешілмейді. Бүгінде жұмыс берушілер арасында салықтан жалтару үшін жұмысқа қамтудың бейресми түріне жүгінетіндер аз емес. Мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге көтеру туралы тапсырмасы баршаға ортақ жауапкершілік жүктейтіндіктен, бұл мемлекеттің бюджеттің түсіміне де айтарлықтай оң әсер етеді.  
Қабілет Абдулданов, Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын басшысы
#Жолдау-2021
#Послание-2021

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.