Демократиялық даму үдерісінде

Осыған орай, биыл күзде ауыл әкімдерін халық сайлайды. Сайлау барысы «ҚР сайлау туралы», «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Саяси партиялар туралы» заң баптарына сәйкес өткізіледі. Ауыл әкіміне саяси партиялар үміткерлерді ұсына алады немесе кандидаттың өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар. Сайлау жасырын дауыс беру жолымен өткізіледі. Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Биыл өкілеттік мерзімі аяқталатын 800-ге жуық әкім жаңадан сайланады деп күтілуде.
Жалпы, сайлау – қоғамды демократияландырудың қа-жетті қадамы болып табылады. Тікелей сайлау арқылы халық мемлекеттік басқаруға қатыса отырып, өзінің еркін, мүддесін жүзеге асырады. Демократия құндылықтарын негіз етіп, жан-жақты дамуға қол жеткізген көптеген елдің тәжірибесінде бар және үздіксіз қолданылып келе жатқан осынау үдеріс біз үшін де өте қажетті. Оның барлық алғышарттары Ата заңымызда айқындалған.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың консти-туциялық құқықтарын іске асырудағы белсенділігін жоғарылатуға, халықтың билікке деген сенімін күшей-туге, ауыл әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға, ең бастысы, Мемлекет басшысы алға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сәтті іске асыруға мүмкіндік береді. Тек жүйенің қалай жұмыс істейтінін білуіміз үшін нақты қадам жасап, тәжірибемізден өткізуіміз тиіс. Яғни, халық тікелей сайлау арқылы өздері жақсы білетін, жергілікті жердің жағдайына қанық, білімді, іскер азамттарын таңдай отырып, билікке шынайы бақылау жүргізуге мүмкіндік алады.
Баршаға белгілі, даму үдерісі экономикалық әлеуетке арқа сүйейді. Ауылды дамыту үшін де қыруар қаржы керек. Демек, ауыл әкімдерін жергілікті халықтың тікелей сайлауы демократиялық құндылықтарды біртіндеп қолданысқа енгізумен бірге, нарықтық экономиканың барлық тетіктерін іске қосуға да мол мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда экономистер, тәжірибелі саясаткерлер жергілікті салықты, соның ішінде, пайда салығын ауыл бюджетіне беріп, оның тиімді, мақсатты пайдаланылуын қадағалап отыратын буынды қалыптастырудың өте маңызды екенін айтады.
Олардың пайымынша, егер пайда салығы әкімнің құзыретінде болатын ауыл бюджетінің негізгі көзіне айналар болса, онда ауыл әкімдері шаруашылықтың, кәсіпкерліктің дамуына барын салатыны сөзсіз. Бұл ауылдағы егістік жерлердің, жайылымдардың бос жатпай пайдаланылуына, сол арқылы мал өсіріп, егін егетен шаруалардың қатарын көбейтуге, сонымен бірге, астықты, ет пен сүтті, кө-көніс пен жеміс-жидекті өң-дейтін кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге, балық, құс және бал шаруашылығын дамытуға кең жол ашады. Ауылды жерлерде кен қазу, оны байы-
тып, өңдейтін кәсіпорындар ашу, су, жел және күн энергиясын өндіру, туризмді дамыту бағытындағы қадамдар да ауыл бюджетіне пайда әкеледі.
Демек, жергілікті өзін-өзі басқару, ең алдымен, жергілікті жерлердің бар мүмкіндігін, әлеуетін сол жердегі халықтың игілігіне айналдыруға септесетін болады.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ