Алматы облысында бұқаралық спорт насихатталуда

"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. Өңірде бұқаралық спортты дамыту бойынша "2021-2025"бағдарламасы әзірленуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін облыстың 20 ауданы-қалаларында футбол, волейбол, баскетбол және т.б. спорт түрлері бойынша "Жетісу әуесқой лигасы" бұқаралық спорт федерацияларын құру көзделген. Жоғарыда айтылғандардан басқа, қосымша 7 ДСК келесі жылдың соңына дейін тапсырылады. Бүгінгі күні объектілердің ЖСҚ дайын және бекітуді күтуде. Барлығы 20 кешен 2022 жылға дейін пайдалануға беріледі",- деді Рустам Әли.Айта кету керек, дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Жетісу өңірінде 3702 спорт ғимараты, оның ішінде 808 дене шынықтыру-спорт нысаны, 2652 білім беру мекемесі және 242 спорт мектебі жұмыс істейді.