Қағазбен берілетін анықтамалар азаяды

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылындағы қолжетімділікті арттыруда «Электрондық үкімет» маңызды рөл атқаруда.
Қағазбен берілетін анықтамалар азаяды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз», деп атап көрсетті. Яғни, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа тездеп көшіру жұмыстардың тиімділігін арттырумен бірге жемқорлықтың жолын кесуде де көкейкесті мәнге ие.  

Осы мақсаттағы «Электрондық үкімет» азаматтарымызды мемлекеттік қызметтермен жылдам да сапалы қамтамасыз етуге, заманауи технологияларды қолдану жолымен мемлекеттік органдардың атқарушылық тиімділігін арттыруға мол мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекеттік қызметтің барлық түрін электронды түрде көрестуді сапалы әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету және тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету факторы ретінде дамыту қажет. Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетім-ділігін арттыру мен кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында қаламыздың бірқатар мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған.

Сонымен қатар, жуырда қалалық  әкімдікте «Сервистік әкімдік» қызметі ашылды. Онда жұмыспен қамту, жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары халыққа 60-қа тарта мемлекеттік қызмет түрін көрседі.

Десек те, мұның бәрі өтпелі кезеңнің қам-қарекеті. Алдағы уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түгелге жуығы электронды форматқа көшеді. Сондықтан, заңды және жеке тұлғалар «Электрондық үкімет» қызметтерін алудың барысын игеруді кейінге қалдырмауы керек.

Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке тек электронды форматта 35 өтінім қабылданды. 

2021 жылы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз ету әлеуметтік қызмет порталы арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Осыған байланысты мүгедектердің құжаттары да электронды түрде қа-былданатын болады. Қызметтерді электрондық қызмет порталы арқылы алу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар оңалтудың жеке бағдарламасында көрсетілген құралдарды өздері таңдай алады. Ал, мемлекет кепілдендірілген соммаға сәйкес сатып алынған құралдар үшін төлем жүргізеді. Тапсырыс қабылданғаннан кейін құралдар мүгедектердің үйлеріне пошта арқылы тегін жеткізіледі.

Электрондық үкіметтің оңтайлылығы мемлекеттік қызметке тап-сырыс бергенде азаматтардың өтініштері бір жерден орындалады, делдалдық жойылады.

Айдос Жұматаев,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.