Қолдау тапқан игі іс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздің экономикалық дамуына басымдық беріп, өңдеуші саланы – шағын және орта кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға тың серпін берудің өзектілігін қадап айтты.
Қолдау тапқан игі іс

Яғни, мемлекеттік құрылымдар – жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау салалары жергілікті жерлердегі шағын және орта кәсіпкерліктің жаңаша екпінмен өріс алуына барлық жағдайды жасауы, бизнес өкілдерімен бір мақсатта болып, олардың түйткілді мәселелерінің тез шешілуіне ықпалдасуы керектігіне баса маңыз берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастықты іске асыру мақсатында қалалық прокуратураның прокуроры Ескендір Бекманов қаламыздағы бизнестің дамуына белсенді араласып, кәсіпкерлер Палатасының қызметіне үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Соның бір дәлелі, Жаңабай Қалменов есімді азамат қаламыздан тіс емдеу клиникасын ашу мақсатында орталық көшелердің бірінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 1-қабатынан іргелес тұрған екі пәтерді сатып алады. Кәсіпкердің айтуынша, медициналық талаптарға сай тіс емдеу клиникасындағы қызмет үдерісі жеке-жеке бөлмелерде жүргізілуі керек. Яғни, ол жалпы аумағы 160 шаршы метр болатын медициналық талаптарға сай, бүгінгі заманауи құрылғылармен жабдықталған тіс емдеу клиникасын ашуды жоспарлап отыр.

Осы жайында Жаңабай: «Бұл қай жағынан алсақ та, заңдық талаптарға сай, аса жауапкершілікпен іске асырылатан шаруа. Әрине, оңай емес. Уақытты ұтымды пайдаланып, қажетті құжаттардың заң аясында тез және дұрыс рәсімделуі үшін мен қала прокурорының ақыл-кеңесіне, заңдық тұрғыдан қолдау көрсетуіне жүгіндім. Қазір барлық жұмыстар заң талаптарына сай жүргізілуде. Халықтың қажеті үшін қолға алған ісімнің ілгері басуына қолдау көрсетіп келе жатқан қала прокурорына алғысым шексіз» деп ризашылығын жеткізді.   

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.