Тұрақты диалог

Мемлекет басшысы қарапайым халықтың мәселелеріне назар аудару және оның оң шешім табуына ықпал етудің маңыздылығын алға тартып, бұл тұрғыда әлеуметтік желіледерің бүгінгі мүмкіндігін еркін пайдалану керектігіне маңыз берді. Осы мақсатта сәрсенбіде қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Садықов азаматтарды онлайн режимінде қабылдау өткізіп, алдын ала және тікелей эпирде қойылған сұрақтарға жауап берді.
Азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар негізінен қала жолдарындағы қауіпсіздік, көші-қон заңнамасы, түрлі заң бұзушылықтар бойынша салынатын айыппұлдар секілді әлеуметтік маңызды мәселелерге байланысты болды. Мысалы, бір тұрғын қалалық халыққа қызмет көрсеу орталығына келген адамдар көліктерін орталық алдынан өтетін Тәуелсіздік көшесінің екі қапталына оңды-солды қоя салатынын, осы жерде жол ережесінің «табиғи» түрде бұзылатынын, осыны ретке келтіру жолдарын қарастыруды ұсынды.
Полиция бастығы бірқатар сұрақтарға тікелей эфирде жауап берсе, зерделеуді қажет ететін түйіндерді жазып алып, жеке бақылауға алатынын жеткізді. Ол, сондай-ақ, азаматтарды онлайн қабылдау өзінің және орынбасарларының, мамандардың қатысуымен әр аптаның сәрсенбісінде жалғасын табатынын жеткізді.