Толғағы ауыр түйткіл

«Amanat» партиясы Текелі қалалық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтіп, кеңестің жаңа құрамы бекітілді.
Толғағы ауыр түйткіл

Жиынға партияның Алматы облыстық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов, партияның Текелі қалалық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Тұрысбек Жұмаділов, қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бақытгүл Итемірова және кеңес мүшелері мен қала кәсіпкерлері қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың тырнағы батқан кез келген саланың адымын ашып алға жылжуы қиын. Аталған кеңес осы бір қоғам дертінің алдын алу, орын алған құқықбұзушылықтарды әшкерелеу бағытын ұстанады.

Алқалы басқосуда бүгінгі таңда аса өзекті болып тұрған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, Текелідегі кондитерлік өнім өндірушілер мен наубайханалардың жұмысы тоқтамауы үшін ұн, қант бағасының өсуі мен тапшылығын тежеу мәселелері қаралды. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация-
сынан қалаға екі аптаға 5 тонна қант жеткізілді. Қант 315 теңгеден «Алатау» шағынауданында «Ақжол» шағын маркетінде, орталық базар павильонында, «Достық» шағынауданында «Алатау», «Солнышко» дүкендерінде, «Металлург» шағынауданында «Ақбота» дүкенінде әр адамға 2 келіден ғана сатылады. Қымбатшылық қысып тұрғанда нан бағасын өсірмей ұстап тұру наубайхана иелеріне де қиынға соғып тұр. Нан бағасының тұрғындарға қолжетімді болу мәселесі назарға алынды. Осы орайда, жергілікті кәсіпкерлерге бірігіп кооператив құрып, ортақ көкөніс және азық-түлік сақтайтын қойма салып, азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылығының алдын алу ұсынылды. 

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.