Мәжіліс депутаты Текеліде

Текелі қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Кенғазыұлы Әлімбаев тұрғындармен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап берді, ұсыныс-тілектерін тыңдады. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалында депутат Ауған соғысы ардагерлерімен жүздесті. Жиынға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марғұлан Ботантаев және партия мүшелері, Текелі қаласы әкімінің орынбасары Тәңірберген Дәркенбаев, облыстық мәслихат депутаты Константин Нестеров, қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский қатысты.
Мәжіліс депутаты Текеліде

Ауған соғысы ардагерлері өздерінің бұрынғы мәртебесін заңдастыру, мемлекет тарапынан қолдау-көмек алу және үйсіз-күйсіз жүргендерді баспанамен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді ортаға салды, жастарға патриоттық тәрбие беру тетіктерін талқылады.

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда депутат азаматтардың түрлі саладағы сауалдары мен өтініштерін назарға алды. Бұдан кейін Д.Әлімбаев Текеліде салынатын Орталық Азия университетінің құрылыс алаңын көріп, оқу орны өкілдерімен құрылыстың жай-күйі, маман даярлау ерекшеліктері туралы пікір алмасты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.