Жауапкершілік еселене түсті

«AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумына қатысып, бізге жүктелген жауапкершілік жүгі уақыт өткен сайын еселене түскенін байыптадым. Әділетті, жаңа Қазақстан құру жолында партиямыздың алдында тұрған міндеттер көп.
Жауапкершілік еселене түсті

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов: «AMANAT» – бұл еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш. «AMANAT» дегеніміз – 800 мың партияластар. «AMANAT» дегеніміз – 2,5 мың мәслихат депутаттары. Бүгінгі таңда әр облыста, әр қала мен ауданда партия бөлімшелеріміз бар. Әр елдімекенде бастауыш ұйым жұмыс істейді. Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында жүрміз. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, «AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді»,– деді. Шын мәнінде, алдымен өзіміз адал, әділетті, еңбекқор болсақ, қалың бұқара бізге сенеді, жақсы істерімізді қолдайды. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, түйткілді мәселелердің шешілуіне мұрындық болып жүрміз. Аталған форум аясында да әр депутат өз өңіріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, түрлі саланың министрлерімен кездесті. Қай істі де қоян-қолтық, келісе отырып атқарсақ, қоғам болып діттеген межеге абыроймен жетеріміз анық.

Марғұлан БОТАНТАЕВ, «AMANAT» партиясы Текелі қалалық филиалының төрағасы, Текелі қалалық мәслихат депутаты 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.