МЕДИЦИНАЛЫҚ –ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАРТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІ

«AMANAT» партиясы Текелі қалалық мәслихат депутаттары Қалығулова Нұрсұлу Бексұлтанқызы және Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы «Шапағат» Текелі қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарт адамдарға арналған стационарлық үлгідегі мемлекеттік медициналық- әлеуметтік өмір сүру жағдайларын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында қарт адамдарға арналған блоктық бөлмелерде барлық жағдай жасалғанын байқауға болады. Әр бөлмеде жеке жуынатын бөлме, теледидар, тоңазытқыш бар.
МЕДИЦИНАЛЫҚ –ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАРТТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІ

- Бұл әр түрлі тағдырлар тоғысқан жер.  Мен бұл жерде соңғы 1 жыл ғана тұрсамда, бәріне бауыр басып үлгердім. Осы жерді паналап отырғандар бір-біріне жақын туыстай болып кеткен. Қызметкерлер бізге баламыздай қарап, жақсы күтім жасайды. Мекемеде шаштараз қызметтері, кітапхана және кітап оқу бөлмесі қарастырылған. Уақытымызды жақсы өткіземіз, -деді қызмет алушы  Котлярова Евгения Степановна.

Қарт кісілердің денсаулықтарын нығайту және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мақсатында арнайы емхана да  бар және  қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.  Арнайы емханадан бөлек тіс емдеу орталығы,  өсімдікпен емдеу, дене шынықтыруға арналған тренажерлар, психологиялық тренинг бөлмесі,  тұзды шахта және жеке мұражай бар.

-  Бұл мекемеде 350-ге қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Оларға 250-ге жуық қызметкер күтім жасайды.  Олардың жайлы өмір сүруіне, денсаулықтарын күтуге барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, біздің мекеме республика бойынша ең үздік мекемелерді бірі болып саналады,  - деді мекеме директоры  Алма Мұхангалиқызы.

Қызмет алушылармен сұхбаттасу барысында ардагерлеріміз барлық қызметтерге ризашылығын айтып, алғысын  білдірді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.