АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
ОСМС   17.05.2024   29
"Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтті. 
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІ АЯСЫНДА ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?
ОСМС   15.05.2024   42
Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер азаматтарда белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы екенін айқындайды.
МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды
ОСМС   15.05.2024   60
61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай жүрек пен тыныс алудың тоқтауына "ықпал" етеді. Науқасқа Қонаев қаласының дәрігерлері шұғыл түрде желке сүйегінің трепанациясын және омыртқа бағанасының резекциясын өткізіп, гематоманы алып, қатты ми қабығының пластикасын жасады.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ИНСУЛЬТКЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУДЕ БІРЕГЕЙ ӘДІС СӘТТІ ҚОЛДАНЫЛУДА
ОСМС   06.05.2024   168
Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімі негізінде механикалық рентгенэндоваскулярлық тромбоэкстракция әдісімен дәрігерлер инсультпен ауыратын науқастарға сәтті оталар жүргізуде. Бұл жоғары технологиялық отаның құны 6 млн. теңгені құрайды, бірақ МӘМС есебінен пациенттер оған тегін қолжеткізе алады.
МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ  АЛҒАН ПАЦИЕНТТЕРДІ ОҢАЛТУ
ОСМС   30.04.2024   243
МӘМС шеңберінде «Нұр» ортохирургия медициналық орталығында артқы ми артериясының ишемиялық инсультін үш рет бастан өткерген пациент ми қан айналымының жіті бұзылуының (ОНМК) қайталама профилактикасынан өтуде.
Талдықорған қаласының дәрігерлері 31 жастағы жүкті әйелді құтқарды
ОСМС   29.04.2024   236
Геморрагиялық инсульт - ауыр мүгедектік жағдайына алып келетін ауру. Инсульттің бұл түрі ер адамдар арасында  жиі кездеседі, бірақ көп жағдайда одан  әйелдер қайтыс болады. Алайда бұл аурудан болатын өлім-жітім көрсеткіші өте жоғары. Алғашқы 30 күнде миына қан құйылған пациенттердің 35-50%-ы көз жұмады. Ал жүкті әйелдерде геморрагиялық инсульт қаупі жоғары болады. Көптеген адамдар инсульт белгілерін, соның ішінде бас ауруы, бас айналу немесе қолдың шаншуын жүктілікке қатысты деп қате қабылдайды. 
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ МӘМС-ТІ ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ: ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР КҮШІНЕ ЕНДІ
ОСМС   25.04.2024   284
2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС үшін төлемді қалай төлеу және мәртебені жоғалтып алмау керегін түсіндіріп берді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ЖАСАУ МӨЛШЕРІ 70%-ҒА АРТТЫ
ОСМС   25.04.2024   271
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халыққа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға берілетін алдын ала төлемді алғаш рет 70%-ға дейін көтергендерін мәлімдеді. Мұндай шаралар медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту кезеңінде емханалардың қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қабылданды.
Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ
ОСМС   23.04.2024   244
Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   
Алматы облысында тамағына сүйек тұрып қалған нәресте құтқарылды
ОСМС   22.04.2024   227
Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен. Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде,  тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір топ дәрігердің қарауында болып, консультациядан кейін диагностикалық бронхоскопия жасау туралы шешім қабылданыпты.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.