Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Общество   02.05.2024   10
Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы  іске  қосылды.  Бұл  жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның  жүзеге  асырушы - «Отбасы Банк». Ипотеканың талаптары мен ережелері туралы облыстық «Отбасы банкі» филиалының өкілдері Өңірлік коммункациялар  қызметінде айтып берді.
Зейнетақыны неліктен уақытылы ресімдеу керек?
ЕНПФ   02.05.2024   13
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқықтары бар екенін еске салады. 
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге  01.04.2024 жылғы жағдай бойынша шолу
ЕНПФ   02.05.2024   10
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың алғашқы 3 айындағы таза инвестициялық кірісі шамамен 569,5 млрд теңге болды
ЕНПФ   02.05.2024   12
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3% артық.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді
ЕНПФ   02.05.2024   10
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ның салымшыларды (алушыларды) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабардар ету жөніндегі жыл сайынғы науқаны
ЕНПФ   02.05.2024   10
БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылған күннен бастап кез келген сұралған күнге өзінің зейнетақы жинақтарының жай - күйі туралы ақпарат алу - бұл міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының (бұдан әрі - салымшылар (алушылар)) заңмен бекітілген құқығы.
Электр желілеріне қосылу тәртібі
Общество   02.05.2024   12
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (бұдан әрі – қағидалар) реттелетінің  туралы хабарлайды.
Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі
Общество   02.05.2024   10
Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Жанбатыр Сансызбай айтты.
Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды
Общество   30.04.2024   34
Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты  ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО  аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.  
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.