Таумергендіктер топ жарды

24-26 қыркүйекте Алматы қаласында кикбоксингтен «Beysekeev team» ашық Кубогы өтті. Жарысқа жаттықтырушы Асхат Ахметжанов жетекшілік ететін «Таумерген» әскери-патриоттық клубының жеткіншек-тері қатысып, қанжығаларын майлап қайтты.
Таумергендіктер топ жарды

Ахмет Асхатов (2010 ж. 36 келі), Зарина Ахметжанова (2012 ж. 33 келі), Әділет Қаупен (2013 ж. 27 келі), Әмір Тұрапов (2014 ж. 21 кг), Михаил Свистунов (2014 ж. 24 келі), Руслан Зинченко (2015 ж. 24 келі) Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 250 қатысушының арасында маңдайлары жарқырады. Екі бірдей іріктеу кезеңінде үлкен қаладағы алғашқы жарыстарында өздеріне лайық күрес көрсеткен М.Свистунов пен Р.Зинченко қарсыластарына жол берді. Ал Ә.Қаупен қола медаль тақса, А.Асхатов пен З.Ахметжанова күміс жүлдеге ие болды. Әмір Тұрапов Алматыда өткен кикбоксингтен ашық Кубоктың чемпионы атанды.

Бұл таумергендіктерді кикбоксинг спортының қыр-сырына үйретіп, кішкентай шәкірттеріне жігер мен отаншылдық рух сіңіріп жүрген жаттықтырушы А.Ахметжановтың кезекті бір жеңісі және ыждаһатты еңбегінің жемісі.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА  

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.