Бойы шымыр, ойы өрісті өрендер

Наурыз мерекесіне орай қалалық Мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен жарыс өтті.
Бойы шымыр, ойы өрісті өрендер

«Ауған және жергілікті соғыс ардагерлерінің ұйымы» ҚБ «Тау мергені» әскери-патриоттық клубы ұйымдастырған жарыс қажетті санитарлық талаптар бойынша өткізілді.

Жарыс тартысқа толы болды. Ұлдардан ағайынды Артур мен Руслан Зинченко, Растислав Михеев, Алдияр Алмасұлы, Акбар Альжан, Әділет Каупен, Абдрахман Амангелді, Мирослав Сушков, Михаил Свистунов, Мансұр Мұқай, Амир Турапов, Сергей Кудиенко, Рустам Тынбасов, қыздардан Кәусар Шаймұрат, Диляна Елубай, Вероника Бударина және Жасмин Елеусіз өз салмақтарында жеңім-паз атанды.

Еске сала кетсек, 2009 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан аталған клубтың жетекшісі Асхат Ахметжановтың айтуынша кикбоксингке 70 бала қатысады. Олар мұнда тек жұдырықтаспайды, адамгершілік қағидаларды, азаматтық ұстанымдарды бойға сіңіреді. Үлкенді құрметтеу, кішіні аялау, өзара бауырмал болу, достықты қадірлеу дәріптеледі. Туған жерді, өскен елді сүю, табиғатты аялап қорғау бағытында отаншылдық тәрбие беріледі.          

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.