Әл-Фараби шығармашылығындағы дін мәселесі

Әл-Фараби шығармашылығындағы дін мәселесі, ақыл мен иман ұғымдарының мән-мағынасы, ғылыми ойлау мен діни сезім, діннің қоғамда алатын орны мен оның атқаратын қызметі сынды іргелі мәселелерді шешуге бағытталған, ешқашан өз құнын жоймайтын философиялық ойлары қазіргі адамдар үшін де қажетті әрі пайдалы.
Әл-Фараби шығармашылығындағы дін мәселесі

 Ойшылдың дінге қатысты ойлары «Әріптер кітабы», «Дін туралы кітап және өзге де мәтіндер», «Бақытқа қол жеткізу», «Саяси билік», «Қайырымды қала тұрғындарының ойлары» атты еңбектерінде кезігеді. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінде жақсы байқалады. Құрандағы бір құдайға табынушылықты мойындай отырып, адам баласын әділдікке, жақсылық жасауға үндейді, дін мен философия егіз деген тұжырымдамаға жетелейді. Ойшылдың еркіндігі, жамандық атаулыдан алшақтығы, оның терең ойлануына философия мен дінді түсінуіне жол ашты. Оның мақсаты – ақыл-ой, тұрақты сенім, шынайылық. Ол адам өміріне де маңыз берді. Дін мәселелерін зерттеген әл-Фараби, дін «ақылмен зерделенетін заттарға сенім мен елестің көмегімен» үйретеді деп пайымдайды. Әл-Фараби әрдайым діннің шектілігін, ал философияға шектеушіліктің жат екенін, оның жерлер мен халықтар және т.б. шекарасынан шығып кете беретіндігін атап отырады. Философ үшін әлде бір шартты шеңбер жоқ, оны өз ментальдылығына қарамастан кез келген адам игеріп кете алады. Діннің философиядан айырмашылығы оны тек мұсылман ғана түсініп, жеткізе алады деуінде. Мұнда әл-Фарабидің шыққан тегінің түркі болуы ықпал етсе керек, өйткені түркілерге дүниетанымның кеңдігі мен ашықтығы тән.

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары туралы» еңбегінде өзінің парасат туралы концепциясын ары қарай дамытып, Жаратушы мен оның жаратылыстарының арасында жеке сана, тұлға мен функцияларға ие аралық күштердің бар екенін атап өткен. Сонымен, осы жолмен әл-Фараби исламдық діни ілім мен философияны үндестіруге ұмтылған. Шындығында әл-Фарабидің эманация туралы концепциясы Аристотельдің мәңгілік әлем концепциясынан көп ерекшеленбеген. Материя толықтай Құдайға тәуелді, бірақ әл-Фарабидің ойынша ол Құдай арқылы жаратылғандықтан, мәңгілік сипатқа ие болуы әбден мүмкін. Эманация теориясының іргелі идеясы бұл – Жаратушының өз болмысын білетіндігі туралы идея. Бұл білім дүниенің жаратылысының түпкі себебі мен алғашқы мақсаты болып табылады.

Әл-Фараби өте сирек қолданы-латын, кейде тіпті құпиялық үшін қолданатын тілдерді де өте жақсы білген. Араб жеріне келгеннен кейінгі отыз жыл ішінде 164 трактат жазып қалдырған. Жалпы әл-Фараби мұра-ларын зерттеуші әлемдік ғалымдар осынау «екінші Аристотель» атанған ғұламаның қаламынан туындаған еңбектердің жалпы саны туралы әртүрлі пікір ұстануда. Олардың бірінің айтуынша 117, екіншісінің сөзіне қарағанда 160, үшіншісінің болжамынша 200-дей трактат жазылған екен. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш - 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров - 200 трактат деп көрсетеді. Зерттеушілердің айтуынша Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шәкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақта арабша нүсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл еңбек-терін Еуропа ғалымдары кең түрде пайдаланған.

Данышпанның жазып қалдырған еңбектерін Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Әбу әл-Уаха, ибн Бадж, ибн Туфайл, ибн Рушд, Омар Хаям сияқты Шығыс ғұламаларымен қатар Роджер, Бекон, Леонардо да Винчи және т.б. Еуропа ғалымдары да көп қолданған. Әл-Фараби еңбектерінің барлығын тек араб тілінде жазған. Себебі араб халифаты бұл кезде Азия, Африка, Еуропаның өте көп жерін алып жатқан. Араб тілі көп қолданылатын тіл болатын, қазіргі кездегі ағылшын тілі мәртебесі сияқты халықаралық деңгейде қолданылды десек артық айтпаймыз. Әл-Машанидің көзқарасы бойынша Ислам дінінің негізгі тірегі болған, Аллаһ тарапынан жіберілген Калем Шариф, яғни Құран араб тілінде. Ол Құранда қабылдап алушы адам Алаһтың елшісі (расул Аллаһ) пайғамбарымыз Мұхаммед араб нәсілді адам. Ислам діні сол араб елінде дүниеге келіп, сонан тарады. Сол себептен Исламның негізін тану деген нәрсе осы араб тілін білумен байланысты. Арабтың тілін білмеген адам мұсылман емес, яғни Ислам қауымынан емес деген түсінік болмаса керек. Әркім өзінің білген тілінде сөйлесе, яғни иман келтірсе, сол Исламның адамы болмақ.

Профессор А.Ж.Машанов әл-Фа-раби Құранды да касиетті діни кітап деп қараумен қатар, оның көптеген қағидаларының ғылыми негіздерін көре білді, математикалық есебін шығарды, құнды ғылыми жетістік деп санады, өркениетімізге енген үлкен даналық үлес деп түсіндірді. Сонымен қатар әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. «Мәңгі ел» идеясын әл-Фарабидің саяси-философиялық тұрғыдан негіздеуі мықты. Ғалым «Мәңгі ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Ғұлама ғалым өмір сүрген кезеңде түркілердің қала - мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік - саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Яғни, еліміздегі азаматтардың барлығы «Мәңгілік Ел» құндылығын бойына сіндірсе елімізде тыныштық пен бейбітшілік әрқашан болады. Ол үшін экстремизм, терроризм атты сырқатқа қарсы Қазақстан халқының бойында антивирус қалып-тасуы қажет.

Нұржан МАХАББАТҚЫЗЫ, №6 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пені мұғалімі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.