Ұялы телефон арқылы қызмет

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бірлесе отырып, мобильді азаматтар базасы арқылы проактивті мемлекеттік қызмет түрі енгізілді.
Ұялы телефон арқылы қызмет

Проактивті қызмет – қызмет арқылы пайдаланушылар ұялы телефон байланысының абоненттік құрылғысы арқылы жұмысынан айырылған жағдайда, яғни, жұмыссыз қалған азаматтарға төленетін жәрдемақы тағайындауға, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

Жүйе СМС хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін, азаматтарға тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға, сондай-ақ мобильді азаматтардың базасына «электрондық үкімет» порталына жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.

Бұл проактивті қызметтің артықшылығы – мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген адамға Халықты жұмыспен қамту орталығы комуналдық мемлекеттік мекемесі және Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөліміне жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта, үйінде отырып, Еңбек kz. порталы арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 3 жұмыс күн ішінде жұмыс болмаған жағдайда, Еңбек kz. порталы арқылы жеке кабинетінің электронды еңбек биржасына ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдей алады.

Ескерте кететін бірнеше қарапайым нұсқаулар:

1. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдарға байланысты екенін есіңізде сақтаңыз. Әлеуметтік аударымдардың төленуін жұмыс берушіден немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан тексеруге болатынын ескертеміз;

2. Ай сайынғы әлеуметтік аударымдар есепті айдан кейінгі айдың 25 күннен кешіктірмей төленеді. Әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті әлеуметтік қатер туар алдындағы соңғы жұмыс айы үшін әлеуметтік аударым-
дар төленгеннен кейін беру қажет;

3. Жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыстан шыққанда не қысқарғанда) Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде неғұрлым ертерек тіркелген жөн;

4. Мемлекеттік сақандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерге әсерін тигізетін барлық өзгерістер туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекттік корпорациясына он күн ішінде хабарлауды ұмытпаңыз.

 Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Назар аударыңыз!

– қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген адамға ғана көрсетіледі.

– Қызмет түрі тегін.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Текелі қалалық бөлімі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.