Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшудің көрермен, телерадиокомпаниялар және мемлекет үшін артықшылықтары

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру – бүгінгі күннің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағдарлама аясында, Қазақстанда цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды енгізу бойынша жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр.
Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне көшудің көрермен, телерадиокомпаниялар және мемлекет үшін артықшылықтары

Цифрлық хабар тарату әр үйге қолжетімді болмақ. Оны жүзеге асыру туралы шешім техникалық прогреске негізделген. Сондықтан аналогтық хабар тарату желісі ескнің сарқыншағы болып қалды. Оның мүмкіндіктері әлемдік масштабта енгізіліп жатқан цифрлық форматтан анағұрлым төмен.

Аналогтық желіде бұрын 2-3 арна ғана көруге мәжбүр болып келген көрерменнің енді цифрлық телевизиядан ұтары көп. Сонымен қатар, цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі жоғары сапалы кескін мен дыбысты қамтамасыз етеді. Мұның «аналогтан» айырмашылығы бейне үзілмейді, дыбыс жоғалып кетпейді. Бұл жерсеріктік немесе кабельдік телехабар таратумен бірдей, бірақ цифрлық телехабар таратудың олардан айырмашылығы мүлдем ақысыз. Желіге қосылу үшін теледидардың DVB-T2 стандартында көрсететініне көз жеткізу керек, абонент тек дециметрлік антеннаны қосуы керек. Егер теледидар DVB-T2 стандартын қолдамаса, онда сізге цифрлық сигнал қабылдағышын сатып алу қажет. Цифрлық телевизиялық хабар тарату шеңберінде қазақстандық мектеп оқушылары бүгінде «Balapan» және «ЕlАrna» телеарналарында көрсетілген бейнесабақтармен танысуға мүмкіндік алды. Телесабақтар жоғары сапалы сурет пен дыбыста, балаларға онлайн-форматта жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Теледидардың білім беру міндеті коронавирус пандемиясы салдарынан жарияланған карантин кезеңінде ерекше өзектілікке ие болды.

Оқушылар сонымен қатар, GALAM TV интернет қосымшасын пайдаланып бейнесабақтарын көре алады. Ол барлық танымал Web, iOS, Android, Smart TV және STB платформаларында қол жетімді. GALAM TV пайдалану өте ыңғайлы, оқушы кез келген уақытта бейнесабақты қайтадан көре алады. Сондай-ақ, эфирді кідіртуге және кейінірек көруге болады. GALAM TV-дің тағы бір артықшылығы - бейнесабақты бір күн, бір сағат бұрын немесе эфир басталғанға дейін көруді ескерту.

Бұл цифрландырудың тағы бір артықшылығы бүкіл ел бойынша телерадиобағдарламалар санының көбеюі, сонымен бірге радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды басқаратын мемлекеттік органдардың қажеттіліктері үшін радиожиіліктерді босатуды айтуға болады.

Цифрлық телевизиялық хабар тарату кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, бірақ қазірдің өзінде мамандар ол жаңа қызмет нарықтарының дамуына және арналардың маркетингтік күресінің жаңа кезеңіне серпін береді деп болжап отыр.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.