«Көмек қолын созыңыз» акциясы

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «30 игі іс» марафонын өткізу жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент қызметкерлері «Көмек қолын созыңыз» акциясын өткізді.
«Көмек қолын созыңыз» акциясы

Акция аясында Департамент қызметкерлері Алматы облысы Білім басқармасының "Айналайын" балалар үйі КММ-не барды.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады.

Шара аясында Айналайын үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік балалар көзімен" тақырыбында шағын концерт және суреттер көрмесі өтті.

Іс-шара соңында Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысы  Ж. Андабеков қоғамның алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, қамқорлық таныту екендігін ескеріп өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

#QAZAQSTAN30

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.