«Бизнес-климатты құратын мемлекеттік қызметтер»

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бизнес климатты құратын мемлекеттік қызметтер» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
«Бизнес-климатты құратын мемлекеттік қызметтер»

Аталған шараға Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері және қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қатысты. Шара барысында Департаментпен қаралған бизнес-қауымдастық өкілдерінің өтініштері туралы және жер қатынастары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар, Алматы облысының жер қатынастары басқармасы, сәулет және қалақұрылысы басқармасы, цифрлық технологиялар бақармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін құқықтық реттеу, автоматтандыру және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.