Жұмыспен қамту – қоғамға тарту

​Жуырда Текелі қаласы әкімінің орынбасары Б.Тұғылбаевтың төрағалығымен және қалалық прокуратура прокуроры Ә.Нүкебаев, кеңес мүшелері, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысқан консультативтік-кеңесші кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жұмыспен қамту – қоғамға тарту

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған отырыстың мақсаты бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылып келгендер мен пробация қызметінің бөлімінде есепте тұрғандарды жұмысқа орналастыру және басқа да әлеуметтік қолдау көрсету, медициналық-психологиялық көмектер көрсету шараларын жүзеге асыру болды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ысқақова пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, біржолғы әлеуметтік көмектер мен атаулы әлеуметтік көмектер жөнінде ақпарат беріп, жан-жақты түсіндірді. Комиссия төрағасы пробация қызметінің бөлімшесіне биотерминал құрылғысын іске қосуға тапсырма берді. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, пробация қызметінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды квота негізінде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін пайдалану айтылды. Отырыста проблемалық мәселелер көтеріліп, нақты шешу жолдары қарастырылды. Басқосуда бір адам қазан айынан бастап қоғамдық жұмыстарға жолданса, екінші адам қоғамдық жұмысқа тарту мерзімі аяқталған соң, өз қалауымен басқа жұмысқа орналасатынына сендірді. Биыл Текелі қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына 21 адам жүгініп, осы жүгінген азаматтарға 16 мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.