40 пәтерлі үй құрылысы

«Достық» шағын ауданындағы 40 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы биыл мамырда басталды. Қазір жертөле, бірінші, екінші қабатының бетон құю жұмыстары аяқталып қалды.
40 пәтерлі үй құрылысы

Құрылысқа тапсырыс беруші – Текелі қаласының құрылыс бөлімі. Бас мердігер – «Алау» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігі. Бас жобалаушы – «Жетісу Сәулет құрылысы» ЖШС. Ал «Әсем-Құрылыс» ЖШС мамандары техникалық қадағалау қызметін атқарады. Сейфуллин көшесі, 30 А мекенжайында бой көтеріп жатқан бес қабатты жаңа үйдің құрылыс алаңында қазіргі уақытта 20 адам жұмыс істеп жатыр. Барлығы жергілікті тұрғындар.

«Алау» ЖШС директоры Ғалымтай Найзабеков: «Қазір үшінші қабаттың монолитті бетон құю жұмысын бастап жатырмыз. Бұл жұмыс 15 қыркүйекте бітеді. Келесі аптадан газоблок қалау жұмыстары басталады. Оған қосымша он адам жұмысқа тартылады. Құрылыс материалдары дайын. Тек отандық өнімдерді пайдаланамыз. Құрылыс материалдарын негізінен Алматы, Талдықорған қалаларынан алдық. Біздің серіктестіктің құрылыс саласындағы тәжірибесі бай деуге болады. Шығыс Қазақстанда 8 мектеп, 1 балабақша, 1 музей салдық. Су тасқынынан зардап шеккен Көкжыра ауылына жаңадан салынған 200 үйдің 55-ін біздің құрылысшылар салды. Текелідегі 40 пәтерлі үйді де мерзімінде, сапалы тапсыруға ниеттіміз», – деді.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.