​Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Jetysu media өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызының қатысуымен Департаменттің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
​Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары

Брифинг барысында Л.Бейсеқұлова облыстың мемлекеттік аппараты кадрларының жай-күйі туралы хабардар етті. Баяндамашының айтуынша, облыстық мемлекеттік аппараттың штаттық жағдайына жүргізілген мониторинг нәтижелері мемлекеттік қызметшілер сапасының жақсарғанын көрсетеді. Бүгінгі күні Алматы облысында 661 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің штат саны 7073 бірлікті құрайды, гендерлік саясат сәтті іске асырылуда - қызметшілердің 51% әйелдер құрайды.  Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы-40,2 жас, мемлекеттік қызметтің орташа өтілі-10,5 жыл болып табылады. Жыл сайын жоғары кәсіби білімі бар мамандар саны артып келеді. Мәселен, облыс қызметкерлерінің 91,5% жоғары білімді, «Болашақ» стипендиаттары – 5, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 13. 2016 жылы мансап үлгісінің енгізілуімен меритократия қағидаты бойынша жоғарылатылған қызметкерлер санының өсуінің тұрақты үрдісі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 12 айында облыстық жергілікті атқарушы органдардың жоғары лауазымдарға тағайындалған 211 мемлекеттік қызметшісінің – 151-ы немесе 71,6% жоғарылатылған.

Спикер өз сөзінде мемлекеттік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы хабардар етті. 2021 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өтіп, онда 112 мәселе қаралды (2020 ж. – 132). Кеңесте қаралған 112 мәселенің тек 74% (83) тәртіптік істер. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тәртіптік істер саны 12%-ға азайды. Департаменттің белсенді профилактикалық жұмысының нәтижесінде оң динамикаға қол жеткізілді деп есептейміз. Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 63 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды (2020 ж. – 76), оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін – 5, Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 58. Өткен жылдың басынан бері мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету саласында 71 тексеру жүргізіліп, оның барысында 991 заң бұзушылық анықталды (кәсіби бақылау – 37, жоспардан тыс – 34). Нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою туралы 25 ұсыныс, 37 ұйғарым енгізілді. Қорытынды бойынша 13 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, лауазымды тұлғалардың 2 қаулысының күші жойылды, 17 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Сонымен қатар Департамент басшысы мемлекеттік органдардың электронды форматта көрсететін қызметтері үлесінің артқанын мәлімдеді. Алматы облысында қызмет берушілермен 392 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі оның 224 түрі орталық мемлекеттік органдармен, 173 түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі, оның ішінде электрондық 161 түрі (93%). 2021 жылдың 12 айында Алматы облысы бойынша 14,9 млн.астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, (электрондық түрде 13,5 млн. астам қызмет көрсетілген немесе 90,7%). Жергілікті атқарушы органдармен 12 млн.астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 96,9% электронды түрде. Жалпы 2017-2020 жылдары көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің деңгейін арттыру бойынша оң динамика байқалады (2017 ж. - 60,3%, 2018 ж. – 69,2%, 2019 ж. – 80,2%, 2020 ж. – 95,4%, 2021ж.-96,9%).

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Алматы облысында азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден қанағаттану деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2021 жылы жалпы саны 1 540 471-ге жуық адамды қамтыған 4,5 мыңнан астам түсіндіру іс-шаралары (семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің брифингтері, акциялар және т.б.) ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара соңында Департамент басшысы Л. Бейсеқұлова БАҚ өкілдерін қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, нәтижелі және тығыс жұмыс үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.