ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ БІРҚАТАР ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19-ға қарсы шектеу шараларының одан әрі жеңілдегені туралы хабарлады.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ БІРҚАТАР ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Жалпы елдің және барлық өңірлердің "жасыл аймақта" болуын, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, ВАК "сары" және "жасыл" эпидемиологиялық қатер аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде мынадай шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талаптар;

- міндетті термометрия туралы талаптар.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық қауіп-қатері бар аймақтарда далада маскаларды міндетті түрде кию тоқтатылды.

Сонымен қатар:

-COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері) алынып тасталды;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеуден өту тәртібі күшін жойды.

Вакцинациялауға жататын ересек халықтың бірінші компонентімен қамтылуы 82,7% – ды, жалпы халықтың 54,2% – ын, екінші компонентімен жалпы халықтың 79,5% - ын және 51,1% - ын құрады.

Ревакцинацияны 2 млн 906 мың адам немесе тиісті халықтың 51,9% алды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.