Алматы облысының 1 миллионнан астам тұрғыны вакцина алды

Алматы облысында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Өңір тұрғындары үшін 318 медициналық, 76 мобильді және 17 жылжымалы вакцинация пункттері жұмыс істейді.
Алматы облысының 1 миллионнан астам тұрғыны вакцина алды

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 1 001 089 адам алды, бұл тиісті контингенттің 83,4% – ын құрайды, екінші компонентті – 901 228  азамат немесе иммундауға жататын ересек халықтың 75,1% - ы алды. 

Айта кету керек, Ақсу, Балқаш, Қарасай аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларының тұрғындары COVID-19-ға қарсы 100% егілді.

Бұдан басқа, 106 807 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды, оның ішінде 88 112 жасөспірім, 3982 жүкті және лактация кезеңінде 14 713 әйел адам бар.

Сондай-ақ, 217 072 адам ревакцинацияның толық курсынан өтті, оның ішінде 208 059 адам «QazCovid-in» және «SinopharmVeroCell» вакциналарын алса, 9013 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен егілді.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары үшін вирусқа қарсы препараттардың төрт түрі қолжетімді, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және жасөспірімдер, жүкті, бала емізетін әйелдер үшін, сондай-ақ 50 жастан асқан азаматтар және медицина қызметкерлері үшін Comirnaty (Pfizer).

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.