Мемлекеттік қызметке кадрларды кәсіби даярлауға жаңа тәсілдер қолданылады

Заманауи мемлекеттік қызметші стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жеделділік сияқты құзыреттерге ие болуы, яғни бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметке кадрларды кәсіби даярлауға жаңа тәсілдер қолданылады

Бүгін «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебінің базасында психология магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы Негметжанова Мариям Қадырқызы болашақ мемлекеттік қызметшілерге «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында қызықты әрі танымдық тренинг өткізді.

Студенттер үшін бұл өз құзыреттерін дамыту үшін жаңа және қажетті білім.
 Мемлекеттік қызмет мектебі – жас мамандарға, жоғары оқу орындарының түлектеріне, өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жаңа ұрпақтың болашағы зор өкілдеріне арналған жоба.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.