Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді

Жетісуда бір күнде 36 адамнның індетке шалдыққаны анықталды. Оның 29-ы симптомдық, қалған 7-еуі симптомсыз.
Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді

Дейтұрғанмен, өңірде аурудың өсу қарқыны 0,2%-дан 0,1% -ға дейін төмендеген. Соңғы аптада аурудың ең жоғарғы өсу қарқыны Ақсу-0,2%, Сарқан-0,2%, Текели қаласында-0,2% байқалады.

Облыстағы аудан-қалалар бойынша көрсеткіштерге келер болсақ:  Еңбекшіқазақ-3, Жамбыл-3, Іле-9, Қарасай-1, Қаратал -1, Кербұлақ-1, Панфилов-4, Райымбек-1, Талғар-1,  Талдықорған-11, Текелі-1.

Айта кетейік, 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 69325 жағдай тіркелген.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.